14.09.2015, 21:00
Оқылды: 21

Жәнібек аудандық активінің жиналысы оздырылды

Janibek audan aktivi   Бүгін аудан әкімі Мұрат Мұқаев актив жиынын өткізді. Алдымен, аудан басшысы бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Жәнібек аудандық бөлімшесінің бастығы болып қызмет еткен Аңсар Маннаповтың қызмет бабымен ауысуына байланысты жаңа жұмысына сәттілік тілеп, алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті. Аудан активінің атынан аудандық соттың төрағасы Айвар Бижанов сөз алып, Аңсар Меңдіғұлұлына тілектестік білдірді.

Жиында аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жарқын Хаирлиев баяндама оқыды. Аудан аумағында орналасқан білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласы әлеуметтік нысандарының алдағы жылыту маусымына даярлық барысы туралы хабарлады. Сондай-ақ, автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарының да атқарылып жатқандығын мәлімдеді.

Қамысты ауылдық округінің әкімі Асқар Сәрсенғалиев пен Борсы ауылдық округінің әкімі Айгүл Бекқалиева өз баяндамаларында білім беру, денсаулық сақтау, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт салалары бойынша округтерде қандай жұмыстар атқарылғанын айтып өтті.

Жиналысты қорытындылай келе, аудан әкімі қысқа дайындық мәселесін сөз етті. Қысқа дайындықты бүгіннен бастау керектігін назарға салған Мұрат Рахметұлы мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, қоғамдық тәртіпті қадағалау жұмысын күшейту керектігін де нықтап айтты.

Аудан басшысы облыс әкімінің атынан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Бөкей Ордада өткен мәдени іс-шараға белсене қатысқаны үшін аудан активін, мекеме ұжымдары мен кәсіпкерлерге алғыс айтты.

www.zhaikpress.kz

     Данияр ОСПАН

    Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале