20.07.2015, 19:50
Оқылды: 26

Жәнібек аудандық сотта брифинг оздырылды

Janibek audandik sot   Аудандық сотта бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жоспарына сай Елбасы ұсынған 5 реформа, 100 нақты қадам, судьялардың 6 съезінде көрсетілген мәселелердің орындалуы, Жоғарғы Сот төрағасы К.Мәмидің «Реформы во благо страны и народа» мақаласында көрсетілген мәселелерді талқылау және аудандық соттың 2015 жылдың 1-ші жартыжылындағы сот төрелігін атқару жұмыстарын қорытындылау туралы баспасөз конференциясы оздырылды.

Конференция жұмысына аудандық соттың төрағасы  А. Бижанов,   судья Н.Жұмәлі, кеңсе меңгерушісі Е.Әліпқалиев, кеңсе бас маманы Ж.Махсотова, сот отырысының хатшысы Ә.Салихова, «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің тілшілері қатынасты. Кеңсе меңгерушісі Е.Әліпқалиев баспасөз конференциясын кіріспе сөзбен ашқан соң, сөз кезегін аудандық соттың төрағасы  А. Бижановқа берді.

Аудандық соттың 2015 жылдың 1-ші жартыжылындағы сот төрелігін атқару жұмыстарына шолу жасалды.

Қылмыстық істер бойынша 2015 жылдың 1-ші жартыжылдығында  аудандық сотқа 10 қылмыстық іс 12 адамға қатысты түсті, өткен жылдан, яғни 2014 жылдан 1 қылмыстық іс қалдықта қалды. Осылардың ішінен: 9 қылмыстық іс бойынша 13 адамға қатысты  үкім шығарылды, 2 қылмыстық іс 2 адамға, яғни сотталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты ҚР ҚК-нің 68 бабына сәйкес қысқартылды.

www.zhaikpress.kz.

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

                                                                                       Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале