2.07.2015, 19:57
Оқылды: 17

Жәнібек ауданындағы «Нұр Отан» партиясының филиалында – жаңа басшы

Janibek jana basshi    Аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы бөлімінің басшысы Кенжәлі Төремұратовтың арнайы қатысуымен, аудан әкімі Мұрат Мұқаевтың төрағалық етуімен актив жиналысы оздырылды. Жиналысқа аудандық мекеме, ұйым басшылары және қоғамдық бірлестік өкілдері, партия мүшелері қатысты.

Жиын барысында аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Амангелді Уәлиев, аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов жаңа басшыға ақжарма тілектерін жаудырды. Одан әрі аудан әкімі аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарудағы зор еңбегі үшін Мереке Қайдаровты алғыс хатпен марапаттады.

www.zhaikpress.kz

Арайлым КЕСЕКОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале