3.07.2015, 19:18
Оқылды: 58

Жәнібек ауданында жаңа 290 орындық бөбекжайдың ашылу салтанаты өтті

Janibek sadik   Астана күні қарсаңында Жәнібек ауылында жаңа «Алтын ұя» атты 290 орындық, 4 топ бөбекжайға, 9 топ балабақша тәрбиеленушілеріне арналған бөбекжайдың ашылу салтанаты болды. Ауданымызға жұмыс сапарымен келген облыс әкімінің орынбасары Нариман Төреғалиев балабақшаның тұсаукесер рәсіміне қатысты.

-Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Баршаңызды балабақшаның пайдалануға берілу салтанатымен облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атынан шын жүректен құттықтаймын. Астана күні қарсаңында ашылып, ораза айтпен тұспа-тұс келіп отырған балабақшаңыз  құтты, еліміздің береке-бірлігі мен тыныштығы ұзағынан болсын, - деген облыс әкімінің орынбасары Нариман Төреғалиұлы «Алтын ұя» бөбекжайының меңгерушісі міндетін атқарушы Гүлмира Нұрғалиеваға облыс әкімі атынан автокөліктің кілтін салтанатты жағдайда табыс етті. Өз кезегінде осы ғимараттың құрылысын жүргізіп, пайдалануға берген «АзияТехСтрой» ЖШС-ның директоры Армат Әлімбетов Гүлмира Миронқызына бөбекжайдың символикалық кілтін табыстады. Жиналған көпшілік қауым алдында бүлдіршіндер үш тілде тақылдап тақпақ айтып, Ақан Мектепқалиев әннен шашу шашты. Балабақшаның алдына керілген лентаны қию құрметіне Нариман Төреғалиұлы мен еңбек ардагері Сағынғаным Ғилажқызы ие болды. Облыс әкімі орынбасарының ауданымызға іссапары кезінде аудан әкімі Мұрат Мұқаев онымен бірге жүрді.

www.zhaikpress.kz

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале