15.07.2015, 17:44
Оқылды: 34

Жәнібек ауданында «Мәңгілік Ел» ротондасы ашылды

Janibek mangolok el rotondasi  Өрісі кең, өркенді істері өрістеп отырған Тау ауылындағы ауылдың ажары болған саябаққа халық көп жиналды. Саябақтың ортасынан береке мен бірлікті, достық пен татулықты мақсат еткен «Мәңгілік Ел» атты ротонда ашылды.

Ротонданың тұсаукесер лентасын ауыл әкімі А.Есенғалиев пен ауылдың абыройлы азаматы, ауыл шаруашылығындағы ерен еңбегі үшін ІІ және ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерінің иегері Е.Бексейітов қиып, «Мәңгілік Ел» ротонының келешекте халықтың игілігіне айналар орын болатынына сенім білдірді.

Ауыл әкімі Айдынғали Орынғалиұлы  жұртшылыққа арналған құттықтауын жеткізді.

Шағын және орта бизнестің жүгін арқалап, мемлекеттік бағдарламаларға қатынасып жүрген ауылдағы кәсіпкерлер Б.Тұяқов, Ә.Ақышева, Ж.Есқалиевалардың еңбектеріне толағай табыс тілеген  ауыл әкімі оларға алғыс хат табыстады.

www.zhaikpress.kz

Гүлнар АХМЕТОВА

Тау ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале