3.07.2015, 13:09
Оқылды: 37

Жәнібек ауданында облыс әкімінің орынбасары ауызашарға қатысты

Janibek auizashsar zam akim   Шілденің 2-і. Күн ұясына батар тұста Жәнібек ауылының орталығындағы мешітке қарай жан-жақтан жаяулаған, велосипед мініп, автокөлік тізгіндеген үлкен-кішілер ағылып келе бастады. Бір-біріне  ассалаумағалейкум айтып, қол алысып, төс қағысып жатыр...

Міне, осы кезде аудан әкімі Мұрат Мұқаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов бастаған облыс әкімінің орынбасары Нариман Төреғалиев те келіп жетті. Олар келген бойда жиналғандармен емен-жарқын амандасып, хал-жағдай сұрасты. Содан кейін олар үлкендердің бастауымен ішке кіріп, ауызашарға жайылған дастарханға жайғасты.

- Өздеріңізбен кездескеніме өте қуаныштымын,-деді облыс әкімінің орынбасары Нариман Төреғалиев. - Елдегі жақсы дәстүрді айтып жатырсыздар, көпшілік бүгінде имандылыққа бет бұра бастады. Көшеде арақ ішіп, босқа жүргеннен гөрі жастардың  осы бастамалары көңілге қонады. Бұл көпке үлгі болатын жағдай екен. Ораза қабыл болсын, сауапқа жазылсын. Елімізде тыныштық, береке-бірлік болсын, жақсылыққа кенеле берейік!

Ауызашардан соң Нариман Төреғалиев бастаған аудан активі аудандық мәдениет және демалыс саябағына барып аралап көріп, ризашылық кейіп танытты.

www.zhaikpress.kz

                                                                             Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале