9.12.2015, 13:17
Оқылды: 22

Жәнібек ауданында шөп дайындау барысында 249200 гектар жердің шөбі шабылды

Janibek jospar orindaldi   Биыл  қуаңшылыққа қарамастан Жәнібек ауданында  мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілді. Аудандық жер қатынастары және ауылшаруашылығы бөлімінен алынған мәліметке сәйкес, аудан бойынша мал азығын дайындау жоспары 83 мың тонна болып белгіленген.


 

Шөп дайындау барысында 249200 гектар жердің шөбі шабылып, шығымдылығы 3,0 центнерді құраған. Мал азығын дайындау 74,7 мың тонна болып, бұған өткен жылдан қалған шөпті қосқанда жоспар толығымен орындалған.

www.zhaikpress.kz

                                                                       Н.Өтей

                                                                       Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале