4.07.2016, 10:37
Оқылды: 23

Жәнібек ауданында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтті

Janibek kauipsiz jedel aldin alu  Жәнібек аудандық ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің жол және мемлекеттік техникалық автоинспекторы, полиция аға лейтенанты Азамат Әшекеновтің бізге берген мәліметіне сәйкес, БҚО ІІД-нің нұсқауына сай облыс жолдарындағы апаттылықтың өсуіне байланысты жол-көлік оқиғаларын төмендету, сондай-ақ жол жүрісі ережесін бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 27-30 маусым аралығында аудан бойынша «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шаралары жүргізілді.


   Аталған кезеңде әкімшілік полициясы бөліністерінің жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген түріне көшірілген. Аудандық маңызы бар автокөлік жолдарына патрульдеу ұйымдастырылып, нарядтардың тығыздылығы көбейтілген. «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасына тартылған жеке құрамды бөліп-орналастыру жоспары дайындалған. Аудан бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігіне елеулі ықпалын тигізетін жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылған. ЖЖҚ-ны жүйелі түрде бұзуға жол беретін тәртіп бұзушыларды құжаттандыру бойынша жұмыстар жандандырылған.

   Аталған мерзімде аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін жүргізушілерге ҚР ӘҚБК-нің түрлі баптары бойынша 23 әкімшілік хаттама толтырылып, ішімдік ішіп мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін бір әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, сот органына шешім қабылдау үшін жолданыпты.

   Аудан бойынша автокөлік жолдарының қауіпті учаскелеріне қосымша тексеру ұйымдастырылып, ол жерлерде жол жүрісі қағидаларын арттыру бойынша шаралар қабылданған.

www.zhaikpress.kz
Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале