22.12.2015, 13:03
Оқылды: 15

Жәнібек ауданында құқықтық оқу жиыны өтті

Janibek Kykiktik oku jiyni   Жәнібек ауданы әкімдігінің мәжіліс залында жалпыға бірдей құқықтық оқу жиыны өтті. Оған мекемелер мен дербес бөлімдердің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері мен бас мамандар қатысты.


   Жиынды аудан әкімінің орынбасары Біржан Қуанәлиев ашып, жүргізіп отырды. Жиында аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің бас маманы Таңшолпан Сапиоллиева Қазақстан Республикасының 2016 жылдан бастап енетін «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптары туралы; аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жанар Қошанова Қазақстан Республикасының 2016 жылдан бастап енетін «Еңбек кодексі» Заңының талаптары туралы; аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Наталья Сажина Қазақстан Республикасының 2016 жылдан бастап енетін «Салық кодексі» Заңының талаптары туралы; аудан әкімі аппаратының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Берік Төлеуов Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптары туралы хабарламалар жасап, оларды жан-жақты түсіндірді, залдан қойылған сұрақтарға жауап берді.

www.zhaikpress.kz

А. ЕСІРКЕПОВ

 Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале