19.08.2016, 10:53
Оқылды: 24

Жәнібек ауданының басшысы жас волейболшылармен кездесті

Жанибек Аудан басшысы жас волейболшылармен кездесті   Жәнібек аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері волейболдан Шымкент қаласында өткен ұлдар арасындағы (мектептік лига) «Шұбар доп» республикалық турниріне облыс атынан қатысып, үшінші орынды иеленген болатын. Жас спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын бүгін аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин арнайы қабылдап, жүлделі орындарымен құттықтады.


         -Сендер республикалық додада тек ауданның емес, облыстың намысын қорғап, жоғары жетістікке жеттіңдер. Жүлделі орын алғандарыңды естігенде ел болып қуанып, өнерлеріңе тәнті болдық. Бұл, әрине, ең алдымен сендерді жарысқа тыңғылықты дайындаған бапкерлеріңнің еңбектерінің жемісі. Спортқа деген ынта-жігерлеріңіз артып, бұдан да биік белестерді бағындыруларыңа тілектеспін! – деген аудан басшысы балғын волейболшылар мен олардың жаттықтырушыларына естелік сыйлықтар табыс етті.

         Кездесу барысында жас спортшылар жарысқа барып-қатысуға қолдау білдірген облыс, аудан әкімдіктеріне, сондай-ақ бар білгендерін үйретіп, волейбол ойынына баулып жүрген бапкерлеріне ризашылықтарын білдірді.

Д.ЗЕННАТ

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале