9.02.2016, 15:06
Оқылды: 24

Жәнібек ауданының әкімі жеңімпазды қабылдады

Janibek audan akimi jenimpazdi kabildadi Жәнібек ауданы әкімі Мұрат Мұқаев Талов ауылының тұрғыны, қол күресінен ҚР чемпионатының күміс, Азия ашық кубогінің қола жүлдегері және жуырда Семей қаласында өткен ҚР кубогінің жеңімпазы Эльдар Хамзинді қабылдады.


         - Сіз аудан имиджін облыстық, республикалық, тіпті халықаралық аренадағы жеңістеріңізбен асқақтатып келесіз. Сонымен қатар, осы тамаша жетістіктеріңіз арқылы жас ұрпаққа үлгі көрсетіп жүрсіз. Сіздің алдағы уақытта да әлі талай биіктерді бағындыратыныңызға сенемін, - дей келе, Мұрат Рахметұлы жерлес спортшыға естелік сыйлық табыс етті.

         Сондай-ақ, аудан басшысы Эльдарға жеткіншектерді спортқа баулып, қол күресінен жаттықтырушы болуды ұсынды.

www.zhaikpress.kz

Д.ОСПАН

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале