30.06.2015, 19:34
Оқылды: 42

Жәнібек ауданының әкімі редакция ұжымын құттықтады

Janibek akim kyttiktau    Жәнібек аудандық  «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің   редакция  ұжымына журналистердің төл мерекесі қарсаңында  аудан әкімі   Мұрат Мұқаевтың  алғыс хаты тапсырылды.

Онда былай делінген:

Құрметті  «Шұғыла» редакциясының ұжымы!

Сіздерді  кәсіби  мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Журналистика - қызығы мен қиындығы  мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп. Сіздер  жекелеген  адамдардың  тағдыры да, қоғамның рухани ахуалы да адал, шынайы журналистік сөзге байланысты екенін жақсы білесіздер. Сондықтан өзіңдеріздің, газеттеріңіз бен көрерменнің, тыңдарманның алдында  адал болудың жөні бөлек.

Аудан  жұртшылығына еліміз бен аймақтың экономикалық және әлеуметтік өмірінде болып жатқан өзгерістердің жай-жапсарын түсіндіріп, жерлестеріміздің көкейкесті ойларын білуге және аудан  тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстарымызды үйлестіруге бұқаралық ақпарат құралдарының мінберінен ғана мүкіндік аламыз!

Сіздерге тынымсыз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, болып жатқан жаңалықтарды тұрғындарға жеткізіп, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге  зор үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін зор  алғысымды білдіремін.

Сіздерді алдағы уақытта да осы прогресшіл  қалпынан айнымай, қоғамды толғандырып жүрген өткір  проблемалардың ортасында жүреді  деп сенемін.

Қаламдарыңызға қызықты  тақырыптар ілінсін, ал сіздердің жарияланымдарыңыздағы әр сөз  адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін!

Зор денсаулық, өздеріңіз  бен жақындарыңызға бақыт, кәсіптеріңізге өрлеу, шығармашылықтарыңызға сәттілік, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале