22.07.2015, 13:20
Оқылды: 30

Жәнібек ауданының әкімі тұрғындарды қабылдады

Janibek audan turgindarin kabildadi

Жәнібек ауданының әкімі Мұрат Мұқаев қабылдауына тіркелген азаматтарды қабылдап, олардың өтініштеріне құлақ түрді. Мәселен, аудан әкімінің қабылдауына келген Жәнібек ауылының тұрғыны Мария Мұқанова мекенжайының төбесі құлау қаупінде тұрғанын айтып, жөндеуге көмек сұрады. Аудан басшысы шағымданушыға жеке үйді жөндеуді үй иелерінің өзі жүргізетінін түсіндіріп, дегенмен мүмкіндігіне қарай құрылыс материалдары жағынан көмектесуді Жәнібек ауылының әкіміне ықтияттап тапсырды. Сол сияқты аудан әкімінен жұмыс сұраған Жәнібек ауылының тұрғыны Кішкентай Дәулетов қоғамдық ақылы жұмысты атқаратын болды. Қабылдауда  әлеуметтік көмек және жеке мәселелеріне байланысты өтініш-тілектерін айтушыларға аудан әкімі нақты жауаптар  қайтарды.

www.zhaikpress.kz

                                                                                    Н.Өтей

                                                                                    Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале