28.12.2015, 21:53
Оқылды: 22

Жәнібек ауданы әкімі жаңа орынбасарын таныстырды

Janibek birjan meneshov   Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында жиын өтіп, онда аудан әкімі Мұрат Мұқаев жаңадан аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалған Біржан Меңешовты аудан активіне таныстырды.


         Біржан Нұрланұлы бұған дейін бірқатар лауазымды қызметтерді атқарған. Атап айтсақ, түрлі жылдары Бөкей Ордасы аудандық мәслихат аппаратының басшысы, Бөкей Ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысы, ҚР АШМ АӨК МИК облыстық аумақтық инспекция кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті персоналды дамыту басқармасының бас сарапшысы сияқты жауапты қызметтерде жұмыс істеген.

Аудан басшысы Мұрат Рахметұлы Біржан Нұрланұлының жаңа қызметті де абыройлы атқаратынына  сенім білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.

Жиналыстың соңында аудан әкімі Мұрат Мұқаев Елбасының 2015 жылғы 5 тамыздағы №59 Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен Еділ Хабиевті, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалімен Ғалия Меңдібаеваны марапаттады.

www.zhaikpress.kz

Д.ОСПАН

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале