15.06.2015, 17:43
Оқылды: 27

Жәнібек ауылында Бақтияр Тайлақбаевтың шығармашылық концерті өтті

Janibek bauragan jyrtsgilikti animenen   Бүгін Жәнібек ауылында Қазақстан  Республикасының  еңбек сіңірген әртісі,  мемлекеттік «Дарын» сыйлығының  лауреаты, «Құрмет» орденінің  иегері, «Гүлдер» республикалық мемлекеттік эстрадалық жастар ансамблінің директоры, «Жас қанат» республикалық жас әншілер байқауының, Ш.Қалдаяқов атындағы  халықаралық ән фестивалінің әділқазы мүшесі,  К.Дүйсекеев атындағы «Сыр жұлдызы» республикалық байқауының  идеялық авторы, ұйымдастырушысы әрі директоры Бақтияр  Тайлақбаевтың шығармашылық концерті өтті.

Әншінің бойтұмар әні іспеттес  «Ағаларым» әнімен  сахна шымылдығын түрген  өнерпаздың әуелеген әсем даусына залдағы көрермен дүр сілкінді.

Ән кеші барысында Қазақстан жастар одағының лауреаты, «Жігер» конкурсының  дипломанты Қаракөз  Тілеубекова, кеш иесінің шәкірттері, «Жас жігер» жобасының лауреаты Әділет Ұлубаев, «Шабыт» фестивалінің  және Ш.Қалдаяқов әндерін орындаушылар байқауының лауреаты, Гүлбану Лахаевалар өз репертуарларындағы «Алматының түндері-ай», «Өмірде олай болмайды»,  «Гүлсезім», «Маусымжан» әндерінен шашу шашты.

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

Жәнібек ауданы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале