29.07.2015, 18:58
Оқылды: 23

Жәнібек ауылының кәсіпкері несие алып, бақша өсіруде

ZH    Жәнібек ауылының тұрғыны Гүлнар Дәулетшина биыл сәуір айында «Жұмыспен қамтудың  жол картасы-2020» бағдарламасына сәйкес 850 мың  теңге несие алып, көкөніс өнімдерін өсірді.  Ауылдың оңтүстік беткейінен алған 2,5 гектар жердегі қызанақ, қияр, қарбыз, қауын сияқты бақша дақылдарының шығымы жаман емес. Гүлнардың бақшасы каналдың бойында орналасқан. Бүгінде олардың  отбасы осы бақшадан түскен өнімді жинауға кіріскен.

–Қазір қияр өнім беруде, күніне 20-30 келі жинаудамыз. Қиярға тапсырыс берушілер көп, күніне 5-6 адам телефон соғып, аталған бақша дақылын сұрайды. Тамыз айының соңында қызанақты жинауға кірісеміз. Одан 30 тонна өнім жинаймыз деп жоспарлап отырмыз. Ал қарбыз бен қауыннан 6 тоннаға жуық өнім аламыз. Өсірілген бақша дақылдары биологиялық жағынан таза,-дейді кәсіпкер.

www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале