14.09.2016, 11:28
Оқылды: 17

«Жәнібек 2020» даму жоспары

 %d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d0%b1%d0%b5%d0%ba  Орталық коммуникация қызметінің облыстық филиалы алаңында өткен баспасөз мәслихатында Жəнібек ауданының əкімі Наурызбай Қарағойшин ауданның 2020 жылға дейінгі даму жоспарын баяндады.


Оның айтуынша, 3000 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын, шағын сүт зауытын, етті вакумды консервілеу цехын салу, көкөніс шаруашылығын құру арқылы жылыжайларды іске қосу, асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналасатын шаруашылықтардың санын арттыру көзделген.

  Аудан орталығында 40 екі пәтерлі және 8 үш пәтерлі тұрғын үйлер салу үшін жобалық-сметалық құжаттамалар жасақталмақ. Жұмаев, Өнеге және Майтүбек елді мекендерін газдандыру, Ақоба ауылына су құбырын тарту, Жәнібек, Талов, Қамысты ауылдарындағы ауыз су құбырын қайта жөндеуден өткізу, бірқатар мәдениет және білім ошақтарын күрделі жөндеу де өзекті мәселелердің қатарында. Аудан Наурызбай Қарағойшин бірқатар ауылдарда тұрғындар санының аздығына байланысты ұялы байланыс тартылмай отырғанын айтты.

  Сонымен қатар, тозығы жеткен электр желілерін жаңалау, аудан орталығына электрқуатын беретін газо-поршенді станция орнату да алдағы кезеңдерде қолға алынатынын мәлімдеді. «Соңғы жылдардағы қуаңшылыққа байланысты биыл аудандағы бірден-бір егістік салатын Тау ауылдық округінде дәнді дақылдар егілмеді. Негізінен, мал шаруашылығын дамытуға көңіл бөлінуде», – деді біздің сауалымызға аудан басшысы.

Нуртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале