25.11.2015, 17:54
Оқылды: 49

Жәрдемов жүлдесі үшін күресті

Bokei kyres25   Қазақстанның Құрметті спорт қайраткері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері, Бөкей Ордасы ауданының Құрметті азаматы, халықаралық дәрежедегі төреші Жұбаныш Садырұлы Жәрдемовтың жүлдесі үшін Сайқын ауылындағы М-С.Бабажанов атындағы орта мектеп базасында қазақ күресінен 1999-2001 жылы туған жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті. Оған өзіміздің өрендерімізбен қоса Орал қаласынан, Жәнібек ауданынан палуандар келіп,  барлығы 50-ге тарта жасөспірім бағын сынады.


9 салмақ категориясы бойынша боз кілемде белдескен палуандардың арасында санаулы секундта қарсыласының жауырын жерге тигізгендер де, айла-тәсілдің арқасында жеңіс тұғырынан табылғандар да болды. Спорт додасының ашылу салтанатына арнайы келген Ж.Жәрдемов жеңіске жеткен палуандарды құттықтап, төрелік жасаған бапкерлерге ризалығын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Раушан Бақытова

Бөкей Ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале