17.03.2016, 16:31
Оқылды: 33

Жәрдемі мол жәрмеңке

Terekti jymis   Сайлау компаниясын өткізу бойынша іс-шаралардың желілік кестесіне сәйкес  Достық үйінде «Нұр Отан» партиясының бастамасымен өз-өзін жұмыспен қамтығандарға, жұмыссыздарға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос жұмыс орындары  жәрмеңкесі өткізілді.


Аталмыш жәрмеңкеге 19 жұмыс беруші қатысып, 68 бос жұмыс орны көрсетілді. Тұрақты жұмыс тауып, еңбектенемін деуші жандардың қатары көп болды. Солардың ішінде 45 адам түйіндемелерін тапсырып, соның ішінде мамандықтарына сәйкес 5 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Айта кетерлігі, жәрмеңкеге ұсынылған бос жұмыс орындарының көбі білім саласының мамандықтары болатын. Математика,өзін-өзі тану, физика,тарих, ағылшын тілі, бастауыш сынып мұғалімдері сияқты бос жұмыс орындары болғанымен, өкініштісі жұмысқа орналасар мамандар болмады. Бұл білім саласына әлі де болсын жас мамандар аса қажет деген сөз. Олай болса, жәрдемі мол жәрмеңкелер алдағы уақытта да жалғасын табады.

 www.zhaikpress.kz

Б.Идигеева

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале