14.03.2016, 17:43
Оқылды: 14

«Жәрдем» Ақжайық ауданының орталығында болды

????????????????????????????????????

   Тұрғындарға әлеуметтік мәселелер, ауылшаруашылық және шағын бизнес саласын дамыту бойынша кеңес беру, медициналық көмек көрсету мақсатында жолға шыққан облыстық «Жәрдем» автопойызы Ақжайық ауданының орталығында аялдады. Алдымен оларды аудан әкімі Әділ Жоламанов қабылдап, құттықтады.


Мәселен, облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Бағдәулет Талғатов бір топ кәсіпкерді қабылдады. Оның барысында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы кәсіппен айналысуға ниетті азаматтар үшін және кәсіпкерлерді оқыту үшін қаржы қарастырылғаны, бұл өз кезегінде мемлекеттің шағын және орта бизнес өкілдерін қолдауы екені айтылды. Бизнес-жоспарларды сауатты дайындаудың маңыздылығы баяндалып, кәсіпкерлерге басқа да кеңестер берілді.

Облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім басшысы Нұргүл Мұқашова, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды, еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Бейімбет Мұқашев тұрғындардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбекақы мәселелері бойынша қабылдаулар ұйымдастырды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Анар Амантаеваның қабылдауына келген азаматтар «Өрлеу» бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері туралы сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы несиеге қол жеткізу, кәсіптік мамандық игерудің қағидаларын сұрастырғандар да аз болған жоқ.

Облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бөлім басшысы Альфия Нұрланбаева, №2 емхананың дәрігері Вероника Фокина аудандық емханада тұрғындарды қабылдап, олардың сұрақтарына жауап берді.

Автопойыз жұмысы аудандық мәдени демалыс орталығында қала және жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале