1.06.2016, 11:12
Оқылды: 28

«Жәрдем» пойызы Зеленовта

????????????????????????????????????

  Кешенді диагностикалық көмек көрсету, диагностикалық құрал-жабдықтарды, аппаратураларды пайдалана отырып, лабораториялық, қызметтік, құрал-саймандық әдістермен емделушілерді тексеру, міндетті медициналық тксеруден өткізу, медициналық талдау және анықталған медициналық көрсеткіштерге сүйене отырып, науқастарға жоспарлы емделуге, ауруханада емделуге жолдама беру мақсатында еліміздің барлық облыстарын аралап жүрген «Жәрдем» пойызы Зеленов ауданына келді.


   4 емдеу-диогностикалық вагоннан тұратын пойызда терапевт, новропотолог, гинеколог, окулист, педиатор, лор, уролог, хирург, онколог, тамотолог сияқты мамандар бар. Соңғы үлгідегі медициналық құралдармен жабдықталған пойыз бұған дейін өңіріміздің Семиглавыймар, Тасқала, Деркөл станцияларында болған. Күні бүгінге дейін дәрігерлер 600-ге жуық адамды тексерістен өткізіп үлгеріпті. Переметный ауылында екі тұратын поезд одан әрі Белес, Алғабас, Шыңғырлау станцияларына соғып, Ақтөбеге кейін Атырауға қарай жол тартпақ.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале