27.05.2016, 15:25
Оқылды: 19

«Жәрдем» пойызы Тасқала ауданына барды

????????????????????????????????????

   «Жәрдем» пойызы Тасқала ауданына ат басын тіреп тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетіп жатыр.

   23 мамыр күні Ақтөбеден жолға шыққан бұл пойыз, 24-і күні Достық ауылдық округіндегі Семиглавый Мар бекетіне тоқтап екі күн халыққа қызмет көрсеткен екен. Осы уақыт ішінде аталмыш округтегі 180 дей адамға медициналық жәрдем көрсетіліпті.


    – «Жәрдем» пойызы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығымен, «Самұрық қазына» әл-ауқат қоры» АҚ-ның демеушілігімен және Ішкі істер министірлігі мен «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы АҚ-ның қолдауымен жолға шықты. Екі апта жолда жүріп Семиглавый мар мен Шыңғырлау бекеттері аралығындағы пойыз тұрақтайтын елді мекендерге дәрігерлік көмек көрсетеміз.Терапевт, кардиолог, невропотолог, окулист, гинеколог, стомотолог, лор, хирург дәрігерлері таңғы сағат 09:00-18:00 ге дейін жұмыс жасайды. УЗИ, ФГС,ЭКГ аппараттары бар. Барлық мамандар Орал қаласындағы темір жол госпиталының дәрігерлері. Өзіңіз көріп тұрғандай келіп жатқан адамның қарасы көп, - деді пойыздың аға дәрігері Лұқпан Рахатов.

    Бұл пойыздың көмегі шалғай ауылдағы ағайындар үшін ауадай қажет. Оған түскі асқа бармай вокзал басында кезек күтіп тұрған тұрғындар нөпірі куә.

www.zhaikpress.kz

Рауан САТЫБАЛДИЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале