15.02.2016, 10:10
Оқылды: 21

«Жәрдем» әлеуметтік автопойызы Қазталовта

 Kaztalov darigerler  14 ақпан күні Қазталов ауданына ат басын тіреген "Жәрдем" әлеуметтік автопойызы өз жұмысын бастады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесіне орай ұйымдастырылған автопойыз жасағы аудан халқына көрсететін қызметтерін хабарлап, аудан орталығының басты көшелерімен жүріп өтті.


   Бұдан кейін автопойызбен келген білікті мамандар әлеуметтік қорғау, кәсіпкерлікті қолдау, иновациялық дамыту және басқа да толғандырған мәселелер бойынша халықты қабылдаса, аудандық орталық ауруханада облыс орталығынан келген тәжірибелі дәрігерлер тұрғындарға медициналық көмек көрсетті.

Сонымен қатар "Жәрдем" автопойызы құрамында "Қазақстан Орал" телеранасының түсіру тобы келіп, белгілі журналист, ақын Мұнайдар Балмолда ауданымыздың тыныс-тіршілігі жөнінде "Атамекен" бағдарламасына бейне сюжеттер түсірді.

Автопойыз жұмысы С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында қорытындыланып, облыстық жастар шығармашылығы орталығы мен филормония әншілері және жергілікті көркемөнерпаздардың даярлаған концерттік бағдарламасына ұласты.

Концерттік бағдарлама соңында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова автопойыз мүшелеріне аудан әкімі және аудан халқы атынан үлкен алғысын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале