16.08.2016, 11:16
Оқылды: 62

Жәрменке жалғасуда

Тамыз айының 13-і күні аудан орталығындағы С.Төлеуғалиевтің базарында ауылIMG_3062 шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі өтті. Кестеге сай бұл күн өз өнімдерін ұсынған Қызылоба ауылдық округі болатын. Жәрмеңкеде қызылобалық 3 шаруа қожалығы мен 5 жеке кәсіпкер аудан тұрғындарына ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидекпен қоса киім-кешек, көрпе-көпшік, мал азығы секілді тауарын арзан бағамен ұсынды. Сондай-ақ, қызылобалық өнерпаздар жәрменкеге келуші жұртшылықтың көңілін әсем әнмен әрлесе, қызылобалық тұрғын Мақсот Хайруллин  тіл үйірер кәуәбімен тамсандырды.
Ендігі кезекте, яғни 20 тамыз күні аудан тұрғындарын Мәстексай ауылдық округінің ұйымдастыруымен өтетін жәрменкеге шақырамыз!

Н. Ғаббасов

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале