13.10.2015, 17:53
Оқылды: 24

Жәрмеңкеден жұмыс тапты

Жанибек жарменкеБүгін Жәнібек аудандық Мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясының «Сәтті қадам» партиялық жобасының ауқымында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйытқы болуымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі оздырылды.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Асыланбек Хайруллиннің айтуынша, бұл жәрмеңкеге 19 жұмыс беруші қатысып, 78 бос жұмыс орындары ұсынылған.

Жәрмеңкеге аудан әкімі Мұрат Мұқаев қатысып, жоспарға сай өткізілетін жәрмеңкеде жұмыс іздеушілерге маусымдық және тұрақты жұмыс орындары табылатынын, жәрмеңкеге жұмыс іздеп келушілердің іскерлік және әлеуметтік жағдайына баса назар аударылатынын, сондықтан жұмыс берушілердің тарапынан әділ болу талап етілетінін нықтап айтты.

Жәрмеңке қорытындысында оған жұмыс іздеп келушілердің басым көпшілігі жұмыспен қамтылды.

         www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале