28.04.2016, 10:49
Оқылды: 14

Жәрмеңке басталды

????????????????????????????????????

     Жылдағы дәстүр бойынша Жәнібек аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен орталық «Әлем» базарында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Бұл жәрмеңкенің ерекшелігі – сөрелерге тал-теректер, өскіндер, гүл көшеттері саттыққа шығарылып, көпшілікті қуантты. Ертемен сағат тоғыздан кете басталған сауда-саттыққа жұртшылық мол жиылып, жәрмеңкенің көрігін қыздырды. Көктем мезгілі тал-теректер егуге ыңғайлы уақыт болғандықтан, тұрғындар сатылымға шығарылған әртүрлі теректерден өздеріне қажеттісін алды.


     Арнайы Орал қаласынан әкелінген теректердің құнын айтар болсақ, талшын – 2000, алма – 2500, алмұрт – 2500, қайың – 1500, шырша – 2000, мойыл ағаштары – 1500, раушан гүлінің талы -  1500 теңгеден сатылды.

     Жәрмеңкеде жергілікті кәсіпкерлер, көршілес Палласовка ауданының кәсіпкерлері ауыл шаруашылық өнімдерін саттыққа қойды. Ауыл тұрғындары бұл жерден қажет өнімдерін төмен бағамен сатып алды. Ал Палласовка ауданынан келген кәсіпкердің өнімдері пияздың келісі – 50 теңгеден, кептірілген жемістердің келісі – 500 теңгеден сатылды. Сонымен қатар сұранысқа  ие  құрт, май, айран, сүзбе т.б. сүт өнімдері тиімді бағамен қойылып, көпшілік қолдан қолға тигізбей сатып алды. Жәрмеңкенің жыл сайынғы дәстүрге айналғанына халық дән риза.

www.zhaikpress.kz

Арайлым РАШИТҚЫЗЫ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале