13.08.2015, 18:46
Оқылды: 29

Жәрмеңке жастарды жұмысқа шақырды  

 

жарменкеҚаратөбе аудандық Мәдениет үйінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мұрындық болуымен бос жұмыс орындары мен қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Шараға аудан әкімі Асхат Шахаров, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Есенжол Ғабдыраш, жұмыс беруші мекеме басшылары, сонымен қатар жұмыс іздеушілер мен кәсіптік жоғары, арнаулы орта білім алып, еңбек жолын бастағалы тұрған жастар қатысты.

Жәрмеңкенің ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Асхат Берлешұлы: «Қазіргі уақытта мамандығына сәйкес жұмыс іздеушілерге лайықты жұмыс тауып, орналасуына  көмектесу – біздің басты міндет болып табылады», - деді.

Жұмыс беруші мекемелердің өкілдері жұмыс іздеушілерді қабылдап, түсінік жұмыстарын жүргізді.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша, ұсынылған 129 бос орынға 80 адам жұмысқа орналасты. Жұмысқа орналасқандардың басым бөлігі білім беру саласы бойынша 69 адам, денсаулық сақтау саласы бойынша  4, спорт саласы 3, өзге салалар бойынша 4 жеке тұлғаны қамтиды.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Есенжол Ғабдраш сұранысқа ие математика, химия, музыка, ағылшын, орыс тілі пәндерінің мұғалімдері, білім мекемелеріне медбике мамандарының жетіспейтіндігін тілге тиек етті.

www.zhaikpress.kz

Тоты АСҚАРҚЫЗЫ

«Қаратөбе өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале