25.08.2015, 16:23
Оқылды: 20

Жәрмеңке ұйымдастырылды

 

U

U

Қаратөбе аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен орталық базарда жәрмеңке ұйымдастырылды.

Жәрмеңкенің мақсаты әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерін реттеу мен сатуды ұйымдастыру, шаруа қожалықтарына өз өнімдерін делдалсыз тұтынушыларға тікелей ұсынуға жағдай жасау.

Жәрмеңкеге ауданның жеке және ауылдық округтерден жеке кәсіпкерлер және Қаратөбе ауылдық округі Үшағаш ауылынан «Нұрхат» шаруа қожалығы, Сулыкөл ауылдық округінен «Оңғар», «Әділғазы», «Мұрагер» шаруа қожалықтары, көршілес Тайпақ ауылынан келіп балық, қарбыз өнімдерін халыққа арзандатылған бағамен ұсынды.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімі ұсынған мәліметке сүйенсек, жәрмеңкедегі тауар бағалары мал азығы бір тіркеме шөп 15000 мың теңге, жылқы етінің бір келісі 1200 теңге, қазы келісі 2000 теңге, қой еті келісі 900 теңге, бау-бақша өнімі қарбыз келісі 45 теңге, табиғи өнімдер сары май келісі 1400 теңге, қаймақ 1 литрі 1000 теңге, қайнатылған құрт келісі 400 теңге, ірімшік келісі 400 теңге, айран 1 литрі 100 теңге, жұмыртқа 1 данасы 25 теңге, балық келісі 200 теңге, қымыз 1 литрі 600 теңге және мектеп оқушыларына қажетті құрал-жабдықтар арзан бағамен сатылды.

Жәрмеңкеге 200-ден астам ауыл тұрғындары келіп, арзан бағамен қажетті заттарын сатып алды.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале