30.11.2015, 18:05
Оқылды: 24

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай дəстүрлі "Үздіктер мен белсенділер слеті -2015" шарасы ұйымдастырылды

shi01  Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің акт залында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай дəстүрлі "Үздіктер мен белсенділер слеті -2015" шарасы ұйымдастырылды. Аталған мерекелік жиында жалпы облысымыз бен еліміздің саяси-қоғамдық және мәдени өміріне етене араласып,үздік деңгейімен ерекшеленген 400-ге жуық студент марапатталды.

 

shi03

 

Білім ордасының ең озат,ең мақтаулы, ең таңдаулы студенттерін марапаттаған университет ректоры Нұрлан Серғалиев: "Университет Сіздердің оқудағы, өнердегі, өмірдегі тың бастамаларыңызды қолдауға əркез дайын. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің үздік және белсенді студенттері деген мәртебелі атқа лайық болыңыздар!"-деді. Студенттер атынан сөз алған жастың бірі Олжас Сүлейменов: "Мен "Құрылыс " мамандығының 4-курс студентімін. Дзюдо күресінен спорт шеберімін, қазақша самбо күрес түрлерінен спорт шеберлігіне үміткермін.Дзюдо күресінен ҚР жастар құрамасының мүшесімін. Қазақ күресінен биылғы Орал барысымын."Дарынды бала" медалінің иегерімін. Осы залда отырған өзім секілді жас буынға айтарым,жастық шақта берілген барлық мүмкіндікті дұрыс пайдаланыңдар. Уақыттарыңды құр босқа өткізбей, спортпен шұғылданыңдар.

Болашақ біз секілді белсенді, білімді,талантты жастардың қолында!"-дей келе қолдау танытқан университет басшылығына өз алғысын жеткізді.Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале