14.07.2016, 18:35
Оқылды: 63

Жөндеу жүріп жатқан мектептерді аралады

Toregaliev   Бүгін қала әкімі Нариман Төреғалиев күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан білім ошақтарын аралап, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Ең алдымен ат басын тіреген М. Ықсанов атындағы №36 мектебінде  күрделі жөндеу жұмыстары 5 шілде күні басталған. Қазіргі күні бұл жерде 70-тен астам жұмысшы еңбек етуде. Ең алғаш қабырғасы 1936 жылы қаланған ескі мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін 111 млн теңге қаражат бөлінген.


   «РемСтройБыт» ЖШС директорының орынбасары Марлен Иманғалиевтің айтуынша мектеп ғимараты түгелдей жаңартылып, жаңа оқу жылының қарсаңында дайын болмақ. Үш ауысымда жұмыс жасап жатқан мердігерлер 1 қыркүйекке дейін жөндеу жұмыстарын аяқтамақ. Жұмыстармен танысқан қала басшысы мектептің қасбеті мен төбежабынының түсіне назар аудару қажеттігін айтты.

    Келесі бас сұққан №39 мектеп 1963 жылы салынған. Оған қоса жалғасқан қосымша ғимараттың қабырғасы 1978 жылы қаланған. Бұл нысан «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша күрделі жөндеуден өтуде. Жобаға республикалық және жергілікті бюджеттен 107 млн теңге қаралған. «Дизайн ДА»  ЖШС директоры Оразбек Мұқамбетовтың айтыуншан 45 жұмысшының 20-сы жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданғандар. Бұл білім ошағында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының 70 пайызы аяқтала келген. Жөндеу жұмыстары аяқталып қалған сынып бөлмелерін аралап көрген қала әкімі Нариман Төреғалиев қисық еденге төселген линолеумге қатысты ескерту жасады. Балалар үшін бар жағдайды жасау қажеттігін айтқан қала басшысы, еденді тегістеп барып, линлолеумді қайта  төсеуге, сондай –ақ электр, жылу жүйесіне қатысты да, ұсақ-түйектің бәрін ескеруге  кеңес берді.  Келесі табан тірген Жұбан Молдағалиев атындағы №2 мектепте де күрделі жөндеу жұмыстары бел ортасына таяп қалған. Бұл мектептің негізгі бөлігі  1969 жылы, қосымша ғимарат 1986 жылы салынған. Білім ошағындағы күрделі жөндеу жұмыстарына «Қарашығанақ Петролиум» б.в компаниясы  қаржы бөлген. Жөндеу жұмыстарын «Домостройтель» ӨК жүргізуде. Күрделі жөндеу жұмыстарына 390 млн теңге қаржы қарастырылған. Қазіргі күнде 110 адам жұмыс жасауда. Мектептердегі жүріп жатқан жұмыстардың мән-жайымен танысқан қала басшысы Нариман Төреғалиев мектеп басшыларына жөндеу жұмыстары аяқталған соң мектеп ауласын көгалдандырып, абаттандыруға кеңес берді. Білім ошақтарындағы күрделі жөндеу жұмыстарының мән-жайымен танысқан қала басшысы өз ойын былай сабақтады.

   -Биылғы жылы қала бойынша үш мектеп, бір балабақша күрделі жөндеуден өтуде.  Білім ошақтарының бәрі қыркүйек айына дейін күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтамақ ниетте. Құрылыс жұмыстарын қарап жүріп, өз ұсыныс-ескертпелерімді айттым. Олардың бәрі ескеріліп, балаларымыз жарқыраған жаңа мектепте білім алатын болады. Жалпы жұмыс өз деңгейінде жүріп жатыр, -деді қала әкімі Нариман Төреғалиев.

   Қалалық білім беру бөлімінің  басшысының орынбасары Фатиха Шакуқызының айтуынша №33 «Орленок» балабақшасындағы күрделі жөндеу жұмыстарын «БатысСтройсервис» ЖШС жүзеге асыруда.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале