5.08.2016, 18:26
Оқылды: 22

Жөндеу жұмыстары «Нұр Отанның» бақылауында

 «Нұр Отанның» бақылауында«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен депутаттық фракция мүшелері Орал-Тасқала-Саратов халықаралық тас жолының жөндеу жұмыстарымен танысты.


Шараға филиал төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез, аудан әкімінің орынбасары А.Сафималиев және жауапты мекеме басшылары қатысты.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауын іске асыру мақсатында «Нұрлы жол» инфроқұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Тасқала ауданының аумағымен өтетін тас жол күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

Топ мүшелері «РусКазДорСервис» ЖШС-ның участкі басшысы Олег Саренкомен кездесіп, жолдың бүгінгі жағдайын біліп қайтты. Жүздесу барысында депутаттар жол жөндеу жұмыстары баяу жүріп жатқанын тілге тиек етіп, бұған аудан тұрғындарының көңілі толмайтының жеткізді. Сонымен қоса көктем мезгілінде және жаңбырлы күндері Орал қаласымен арадағы қатынастың өзі қиынға соғатының айтып өтті.

– Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары ойдағыдай атқарылуда. Пгс құмы төселуде, енді екі аптадан кейін біртіндеп қиыршық тас салынатын болады. Жалпы Мерей ауылының қиылысынан бастап аудан орталығына дейінгі жолдың бірінші қабатын күзге дейін бітіреміз деген жоспардамыз, - дейді Олег Николайевич.

Өткен жылғы жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумақтағы айналма жолдардың сулы маусымда тұрғындарды біраз әбігерге салғанын ескере отырып, партия өкілдері мердігерге ондай олқылыққа жол бермеу керектігін баса айтты.

Жұмыс жоспарының кешеуілдеу себебін «РусКазДорСервис» ЖШС-ның участкі басшысы Олег Саренко қолайсыз ауа райы мен кейбір қажетті материалдардың уақытылы болмай қалуымен байланыстырады.

М.Әжіғалиев
Тасқала ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале