19.04.2016, 17:10
Оқылды: 11

Жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде

????????????????????????????????????

      Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев қаламыздың Еуразия даңғылында инженерлік желілерді және жолды қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.

           Бұл жұмыстар  КПО б.в. компаниясының қаражаты  есебінен жасалуда. Алдымен кәріз желілері мен су құбырлары ауыстырылып, содан  соң жолдарды жөнделеді.  Бұл жоба автокөлік жолдары мен инженерлік желілерді қалпына келтіруге бағытталған.


     Жөндеу жұмыстарын осы жыл соңында аяқталады деп күтілуде.

           -Биылғы жылы облысымызға «Нұрлы жол бағдарламасы» аясында 1 млрд. 905 миллион тенге қаражат бөлініп отыр. Осы қаражатпен тоғыз үлкен жобаны іске асыру көзделіп отыр. Сол жобалардың жетеуі  су құбырларына, екеуі жылу құбырларына жұмсалады деп көзделіп отыр. Осы жердегі ауыстырылуға тиісті кәріз коллекторының ұзындығы – 1,3 шақырым. Жөндеуді  жүргізетін мердігер өз жұмысын бастап кетті. Біздің тарапымыздан құрылыстың сапалы және уақытылы аяқталуы қатаң қадағаланатын болады,-деді қала әкімі Нариман Төреғалиев.

www.zhaikpress.kz

Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі» 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале