Зеленов ауданы Забродино ауылында Н.Абылқатимоваға тиесілі далада еркін жайылып жүрген 20 қойын ұрлап кеткен. Аудандық ішкі істер бөлімінің мәліметінше шығын 500 000 теңге деп есептеліп, оқиға орнынан ешқандай айғақ табылмаған.
Тергеу амалдары жүргізілуде.
www.zhaikpress.kz
Динара Насырова
Зеленов ауданы