13.08.2015, 19:34
Оқылды: 39

Заманауи келбетіне ұлттық бояуы жарасқан «Қыз Жібек» мейрамханасы

 

кафеХан Ордасы ауылында халық игілігі үшін қажетті нысан - заманауи келбетіне ұлттық бояуы жарасқан «Қыз Жібек» мейрамханасы ашылды.

Іскерлігімен елге танымал Мұхамбетшиндер әулеті ашқан мейрамхана 400 орынға лайықталып жасалған қонақ бөлмеге қоса, 100 орындық құдалардың аяқ суытып, дем алуларына арналған бөлме қазақы қонақжайлылықты паш етеді. Таза, мөлдір махаббаттың символы – Қыз Жібек пен Төлеген бейнелері қабырғаға ілініп, жоғары талғаммен салынған мейрамханада жаңа өмірге қадам басқан жастардың қуаныш тойлары көбейсін деген тілек айтылды.

Аудан әкімі Н.Рахымжанов құттықтау сөз сөйлеп, мейрамхана қожайыны Меруерт Оразғалиеваға әдемі қабырға сағатын сыйға тартты.

Өзге де ауыл тұрғындары тілектерін айтып, сый-сияпаттарын тарту етіп, ризашылықтарын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале