15.06.2016, 14:30
Оқылды: 35

Заман басқа, заң басқа...

shylym shegu   Ақжайық ауданының Чапаев ауылынан азамат М. көшенің бойында шылым шегіп тұқылын лақтырып ластаған. Оның бұл әрекеті ұсақ бұзушылық деп танылып, ісі сотқа түсті. Сот барысында ол кінәсін толық мойындап, әрекетіне өкініп, өзінің жұмыссыз екенін айтты. Судья жаза тағайындамас бұрын оның жеке басын анықтап, құқықбұзушылықтың сипатын, бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығын, сондай-ақ материалдық және отбасылық жағдайын ескеріп, жаза тағайындағанда кінәлінің өкінуін әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерді.


    Сол азаматқа әкімшілік жаза ретінде он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу түріндегі шешім шығарды.

  Тағы бір тұрғын – Т. аурухана ғимартының жанында кіші дәрет сындырып, қоғамдық орында тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл азаматқа да он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Сот екеуіне де аталған келеңсіздіктерге екінші рет барса, жаза әлдеқайда қатаң болатынын қаперге салды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале