3.07.2015, 18:56
Оқылды: 29

Зашағанда жаңа спорт кешені ашылды

Sportivni kompleks 03  Астана күні мерекесі қарсаңында қаламыздың ірі ықшамаудандарының бірі саналатын Зашаған кенті, Арман шағынауданында заманауи спорт ғимараты - дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылып, халық игілігіне берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.

Халық көп шоғырланған жаңа ауданда бой көтерген спорт кешені әлемдік стандарттарға сай салынған. Аталған нысанның құрылысы 2014 жылдың қараша айында басталып, оған республика бюджетінен 432,181 млн. теңге қаржы жұмсалды. Нысан құрылысын Сергей Потиченко басшылық ететін «Альтаир» ЖШС жүргізген. Жалпы көлемі 2369 шаршы метрді құрайтын екі қабатты ғимаратта 320 орындық жанкүйер залы, волейбол, баскетбол, қол добы, шағын футбол сынды спорт түрлеріне арналған ойын алаңдары мен күрес, үстел теннисі секциялары бар.

Су жаңа ғимараттың лента қию рәсімі сол ауданның тұрғыны, спорт ардагері Матиас Хамитов пен жас спортшы Жалғас Бақтығалиевке берілді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале