5.07.2016, 18:24
Оқылды: 39

Зашаған кентінде қала тұрғындарына 72 пәтердің кілті табыс етілді

Зашаған   Орал қаласының Зашаған кентінде "Әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы аясында қала тұрғындарына 72 пәтердің кілті табыс етілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Алтай Көлгінов және осы ғимаратты салған «СКФ Отделстрой» ЖШС директоры Валентина Михно қатысты.

    Алтай Сейдірұлы тұрғындарды құттықтап, "Нұрлы жол" бағдарламасының біздің облысымызда да қарқынды жүзеге асып жатқандығына тоқталды.


   –Құрметті батысқазақстандықтар, баршаңызды Ораза айтымен құттықтаймын! Сіздерге көпқабатты үйдің кілтін Елорда күніне орай табыстап жатырмыз. Бұл – біздің ортақ жетістігіміз, Тәуелсіздігіміздің нышаны, бірлік пен еңбектің көрсеткіші. Елбасы жыл сайын әлеуметтік мәселелермен айналысып, халықты тұрғын үймен қамту мақсатында талапты күшейтуде. Мемлекеттен бөлінген қаражатқа «Нұрлы жол» бағдарламасымен 14 көпқабатты үй, яғни 1500 ден астам пәтер қолданысқа берілетін болады. Олардың басым көпшілігі әлеуметтік жағдайына байланысты кезекте тұрған отбасыларға ұсынылады. «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ салымшыларына арналған үш үй құрылысы аяқталады. Сонымен күз мезгіліне дейін көпқабатты үш, ал жыл соңына дейін көпқабатты он төрт үй қолданысқа беріледі. Соның ішінде бір тоғыз қабатты үй Ақсай қаласының тұрғындарына арнап салынуда. Жаңа үйге қоныстанғалы отырған халықты тазалыққа, мәдениеттілікке шақырамын. Ауланы таза ұстап, талдар егіп, абаттандыруға ат салысыңыздар,- деді Алтай Сейдірұлы.Akim kvartira 02

   Айта кетелік, «Әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасын «СКФ Отделстрой» ЖШС мен бірге «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы жүзеге асырып келеді. Орал шаһарында бұл бағдарламаның орындалуына қала әкімдігі белсене атсалысуда.

   Бұл бағдарламаға жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған көп балалы отбасыларға, мүгедек балалары бар отбасыларға, жетім балаларға қатысуға рұқсат берілген.

   –Бұл бағдарлама отбасымыз үшін қолжетімді. Пәтеріміз екі бөлмелі, 63 шаршы метр. Әр шаршы метрі жүз мың теңгені құрайды. Яғни пәтердің толық бағасы 6 млн 300 мың теңге. Бұл соманың елу пайызын үш жыл, алты ай дегенде жинадық. Бұған дейін пәтер жалдап тұратынбыз. Ұлымыз Еркеш төрт жаста, қызымыз Алима үште. Өзім Орал магистральды газ құбырлар басқармасының, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да инжинер болып істеймін, келіншегім Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың политехникалық факультетінің энергетика кафедрасында аға оқытушы, -дейді Гайдар Серіков.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале