27.09.2016, 11:32
Оқылды: 15

Заңгер кеңесіне жүгінді

%d0%b7%d0%b0%d2%a3%d0%b3%d0%b5%d1%80-%d0%ba%d0%b5%d2%a3%d0%b5%d1%81%d1%96%d0%bd%d0%b5-%d0%b6%d2%af%d0%b3%d1%96%d0%bd%d0%b4%d1%96   «Нұр Отан»  партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы ғимаратында  «Әділет кеңес береді» республикалық акциясы аясында аудандық әділет басқармасының басшысы Нұрғали Дәуленов қабылдау жүргізді.


   Заңгер қабылдауына аудан тұрғындары өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап іздей келіпті.  Алимент өндіріп алу, орта мектепті негізгі мектеп ретінде қайта тіркеу рәсімі, қолданылған әкімшілік жазаның алыну тәртібі, үйдің техникалық паспортын тіркеу сынды сұрақтарына аудан тұрғындары жан-жақты жауаптар алды.

 Қойылған сұрақтарға қатысы бар сала басшылары да өз тараптарынан түсінік беріп, қабылдаудың өз дәрежесінде өтуіне атсалысты.

Гүлшат Ботанова

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале