9.03.2016, 19:16
Оқылды: 18

Заңды бұзған тұлғаларды анықтап шара қолданылады

 Zelenov jer katinasin byzganga shara    Зеленов аудандық жер қатынастары бөлімі басшысы Қайрат  Төлегеновтің берген мәліметіне сүйенсек, өткен жылы заңды және жеке тұлғалардан жер мәселесі бойынша (беру, азайту, пішінін өзгерту т.б.) -2210 өтініш келіп түскен.


Соның ішінде жеке тұлғалардан-1917, заңды тұлғалардан-293.

Комиссия отырысында келіп түскен өтініштер қаралып, түсінік берілген, ал кей өтініш құжаттары толық болмауына байланысты қаралмаған екен.

Жалпы, жер қатынастар бөлімі мемлекеттік жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерін кадастырлық (бағалау) құнын бекіту, жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту, жер учаскенің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру сынды көптеген түрлермен қызмет көрсетіп келеді.

Атаулы бөліммен 2015 жылы жеке және заңды тұлғалар 513 жалдау шартын жасасса, ал сату - сатып алу шарты бойынша 52 тұлғаға жалпы көлемі 4827 га. жер учаскесі сатылды.

-Жер қатынастарын реттеу-басты назарда. Елбасының пайданылмайтын ауыл шаруашылығы  мақсатындағы жер учаскелерін қайтару  туралы тапсырмасына сәйкес аудандық жер қатынастар бөлімі өткен жылы жалпы көлемі 73657,2 гектар болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы  жер учаскесін мемлекетке қайтарды.

Ал, енді ағымдағы жылы  ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер  учаскелерін аукцион арқылы жеке меншікке беруді ұйымдастыру, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін анықтап мемлекетке қайтару жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, аудан аумағыдағы бағбандықпен және саяжайларда жер заңнамаларын бұзып пайдаланып отырған тұлғаларды анықтап шара қолдану секілді шаруалардың басын қайырмақшымыз,- дейді жер қатынастар бөлімінің басшысы.

  www.zhaikpress.kz

Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале