19.10.2016, 11:09
Оқылды: 14

Заңды көрер көзге елемеген соң...

????????????????????????????????????

   Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін иелері өз жануарларына уақтылы вакцина ектіруге және олардың диагностикасын қамтамасыз етуге, мемлекеттік ветсанинспекторларға орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеру үшiн кедергiсiз беруге, мамандардың тиісті актілерін орындауға, союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды ветсансараптама жасамай өткiзуге (сатуға) жол бермеуге тиісті. Мұның бәрі заң талабы болып табылады.


   Өкінішке қарай, заң талабын көрер көзге орындамау Ақжайық ауданында да ұшырасады. Мысалы, заң міндеттегенімен, өз иелігіндегі жануарларына тиісті ветеринариялық іс-шаралары жүргізу үшін мамандарға жәрдемдеспейді, қарсылық білдіреді, сол себепті жоспарлы профилактикалық және диагностикалық зерттеулердің орындау мерзімі бұзылады. Сонымен қатар бруцеллез ауруына оң нәтиже көрсеткен түліктеді ветсанитариялық талаптарға сәйкес арнайы мал сою орындары арқылы жоюға қарсылық білдіреді немесе ауру малды өз қажеттілігіне сойып алуы сияқты іс-әрекеттер кездеседі.

– Сондықтан, яғни түліктерін мезгілінде ектірмені, қан алдырмағаны және мамандарға қарсылықтары үшін «Ветеринария туралы» Заң бойынша ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясымен егер 2015 жылы 27 жеке тұлғаға 1018748 теңге айыппұл салынса, 2016 жылдың өткен кезеңінде 35 жеке тұлғаға және 3 шаруа қожалығына жалпы көлемі 2014950 теңге айыппұл салынды,-дейді ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Азамат Алхамбетов.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале