17.11.2016, 17:07
Оқылды: 24

Заңсыз ағаш кескенге айыппұл салынды

%d0%bf%d0%be%d1%80%d1%83%d0%b1%d0%ba%d0%b0-%d0%b4%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%b2%d1%8c%d0%b5%d0%b2ІІД Жергілікті полиция қызметкерлері «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында тағы бір құқық бұзушылықтың жолын кесті. Шыңғырлау ауданы Правда ауылынан бір шақырым қашықтықтағы орман алқабында ешқандай құжатсыз қысқа бұтақты қарағаштарды кесумен айналысқан 1985 жылы туылған азаматты қолға түсірді. Ұзындығы 2 метр, диаметрі 25см 7 дің ағаш кесілген. Шығын 500 мың теңгені құрап отыр. Аталмыш іс ҚР ҚК-нің 340-бабы (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) бойынша қарастырылатын болады.

Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесіп, жойып, бүлдіргені үшін 200 АЕК-ге дейін айыппұл салынады немесе сол көлемде түзету орындарына жіберіледі, немесе 180 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады, немесе 60 тәулікке дейін қамауға алынады.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале