15.04.2016, 16:55
Оқылды: 25

Заңсыз мұнай өнімін алып өтпекші болған

  bitumovoz   БҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері республикалық «Кедергі» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында сәуірдің 13 күні сағат таңғы бестер шамасында «Орал-Атырау» тасжолында Ресей Федерациясы Орынбор облысынан  Атырау облысына бағыт алған 5 автокөлікті заңсыз мұнай өнімін алып өтпекші болған жерінен ұстады.


     Әр көлікте салмағы 20 тонна, жалпы 100 тоннаны құрайды. Ұсталған жүргізушілердің Ресей елінің азаматтары екені анықталды. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.

     Аталған факті ҚР ҚК-нің 197-бабы 3-бөлімі бойынша (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта дәлелдеу базасын бекіту бойынша жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізілуде.

       БҚО ІІД Орал қ. ІІБ қызметкерлерімен тергеу амалдары жүргізілуде.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале