13.04.2016, 11:20
Оқылды: 22

Заңсыз сақталған қару-жарақты тапсыру жөнінде кезекті акция

Akjayik zansiz saktalgan karu     Сәуір айының 15-інен ел аумағында заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыруы жөнінде кезекті акция басталды.


     – Осыған байланысты ауылдарымызда жұртшылықпен тиісті ұғындыру ісін өрістетудеміз. 2014 жылы өткен осындай акция шеңберінде аудан бойынша 21 дана аңшылық қаруы тапсырылған болатын. Мұны көп деп айта алмаймыз. Тұрғындарды биылғы акцияға белсенді қатысып, заңсыз қолданыстағы қаруларды тапсыруға шақырудамыз,- дейді аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция капитаны Нұржан Ташенов.- Сөйтіп, мақсат – қылмыстың алдын алу, тіркелмеген қару санын азайту болып табылады. Қолдағы заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды тапсырған азаматтарға Қазақстан Республикасының биылғы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңына сай, сыйақы белгіленгені мәлім.

     – Акция барысында,-деп жалғастырды сөзін ол.- Автоматты ойық ұңғылы атыс қаруы, ойық ұзын ұңғылы атыс қаруы (винтовкалар, карабиндер), қысқа ойық ұңғылы атыс қаруы (пистолеттер, револьверлер), граната, мина, жару құрылғысы және артиллериялық снаряд, ойық қару патрондарды тапсыруға болады, бұл үшін жауапкершілікке тартылмайды. Сыйақы мөлшерін белгілеу кезінде қару-жарақ заттарының техникалық жай-күйі және оның атуға жарамдылығы ескеріледі. ҚР ІІМ-нің БДБ-да (АБД) «Криминалдық қару» және «Тіркелген қару» есебінде тұрған қаруларға сыйақы төленбейді.

 www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале