10.02.2016, 9:19
Оқылды: 19

Заң баптарына сай түсініктер берді

????????????????????????????????????

 Қаратөбе аудандық мәслихаттың мәжіліс залында облыс орталығынан келген «Хабибуллин С.М» дара кәсіпкерлігінің жетекшісі Серік Хабибуллин мен кәсіпкерлік қызметкері Ұлдай Бакаева 2015 жылдың 4 желтоқсанындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы»  2016 жылдың  1 қаңтарынан қолданысқа енгізілген жаңа Заңға байланысты түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында Қаратөбе ауданында  семинар оздырды.


Семинарға аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов, аудан әкімі аппаратының басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетов және аудандағы сала басшылары мен есепшілері қатысты.

Аталмыш  Заңның баптарына сай түсінік жұмыстарын жүргізіп, есеп қызметкерлерінің қойған сауалдарына жауап берген Серік Мұратұлы мен Ұлдай Хайроллақызы жаңа Заң аясында есеп қызметін жүргізудің  ережелерімен таныстырып, бұрынғы заңнамамен жаңа жылдан бастап қолданысқа енген Заң баптарындағы айырмашылықтарды түсіндірді. Ауданның есеп қызметкерлері Асқар Шомбалов, Еркін Тойшыбаев, Айгүл Ақкереева, Бекболат Орынбасаров, сала басшысы Айдос Әмірғали сауалдар қойып, нақты жауаптар алды.

www.zhaikpress.kz

Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале