17.10.2016, 10:28
Оқылды: 27

Заң туралы түсініктер берілді

%d0%b7%d0%b0%d2%a3-%d1%82%d1%83%d1%80%d0%b0%d0%bb%d1%8b-%d1%82%d2%af%d1%81%d1%96%d0%bd%d1%96%d0%ba%d1%82%d0%b5%d1%80-%d0%b1%d0%b5%d1%80%d1%96%d0%bb%d0%b4%d1%96    Қаратөбе ауданының Сулыкөл ауылдық  округінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы  Заңын халыққа түсіндіру мақсатында өңірлік және аудандық штаб мүшелері алқалы жиын өткізді.


     Аталмыш жиналысқа  өңірлік штаб мүшесі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік коорпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша  филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің директоры Асқар Кожумов, аудан әкімінің орынбасары, аудандық штаб төрағасының орынбасары Сатқан Өмірзақов, аудандық аурухананың бас дәрігері Зейіл Мағзомов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы  Бақытжан Жүсіпқали қатысты.

     Күн тәртібіндегі мәселеге орай   өңірлік штаб мүшесі, «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы»  комерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша  филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің директоры Асқар Темірболатұлы, аудандық аурухананың  директоры Зейіл Жөкенұлы мен аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Қайырқұлұлы  ауыл тұрғындарына  «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына байланысты түсінік беріп, тұрғындардың  пікірлерін тыңдады.

     Ауыл тұрғындары Айнұр Серікқызы, Гүлмира Тілеуғалиева тағы да басқалары сауалдар тастады.

Тұрғындар сауалдарына қатысты  Зейіл Жөкенұлы пен Бақытжан Қайырқұлұлы түсініктер берді.

  Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале