12.06.2015, 17:36
Оқылды: 20

Заң үстемдігі қамтамасыз етілді

Zan SAken  Облыстық прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасымен еліміздің аумағында  сот-тергеу  тәжірибесі жоқ  қылмыстық істі тергеу аяқтады.

Нақтылып айтқанда, қылмыстық жауапкершілікке Зеленов АІІБ Приуральное полиция бөлімінің тергеушісі, полиция капитаны Ербол Мұхамбетов қылмыс жасауда күдікті деп танылған тұлғаны қылмыстық жауапкершіліктен  көрінеу заңсыз босату фактісі бойынша ҚР ҚК  413-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылды.  Бұл туралы облыстық прокуратурада өткен баспасөз мәслихатында  облыс прокурорының көмекшісі Юрий Астафьев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Е.Мұхамбетов ұрлық жасауда күдікті деп танылған тұлғаға қатысты  сотқа дейінгі тергеуді тоқтатуға заңды негіздердің жоқ екендігін біле тұра, оны қылмыстық жауапкершіліктен босату бағытында әрекет еткен. Сөйтіп тараптардың бітімге келгендігімен байланыстырып қылмыстық істі тоқтату туралы  заңсыз процессуалдық шешімді қабылдаған. Оның заңдылығын тексеру үшін шешімді прокуратураға  жолдамай, үш ай бойы өзінде ұстаған.

Бұл дерек тоқтатылған қылмыстық істерді тексеру кезінде прокуратура органдарымен анықталды. Соның нәтижесінде қабылданған прокурорлық ықпал ету шараларымен тергеушінің заңсыз шешімі бұзылды. ҚР ҚК 413-бабымен арнайы прокурорлар басқармасымен Е.Мұхамбетовке қызметтік жалғандық жасау айыбы тағылып, оны сотқа беру туралы шешім қабылданды.

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале