14.11.2016, 11:40
Оқылды: 96

Зейнеткерге құрмет

%d0%b7%d0%b5%d0%b9%d0%bd%d0%b5%d1%82%d0%ba%d0%b5%d1%80%d0%b3%d0%b5-%d2%9b%d2%b1%d1%80%d0%bc%d0%b5%d1%82   Қаратөбе ауданы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында  ұзақ жылдар қызмет атқарған сала ардагері Мұхаммед Қажиахметов зейнеткерлік демалысқа шықты.

   Құрмет кешінде «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе ауданық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов пен ұжым атынан алғыс хат табысталып, ұзақ жылғы еңбегі үшін алғыс білдірілді.


   Мұхаммед Қажиахметұлы бір орында 40 жыл табан аудармастан қызметін атқарып, әріптестерінің арасында тәжірибелі маман қызметіне дейін көтерілді.

   - Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында көп жылғы еңбегімді ескеріп, елеген сала басшылығына алғысым шексіз.

    «Еңбек мұратқа жеткізеді» демекші, адам тынымсыз еңбек еткенде ғана мақсатына жетіп, құрметке бөленеді, - дейді сала ардагері Мұхаммед Қажиахметұлы.

Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале