8.09.2015, 9:05
Оқылды: 29

Зеленовта бас дәрігер ауысты

Zelenovt abas dariger auisti   Зеленов ауданының әкімі Кәрім Жақыпов аудан активіне орталық аурухана директоры болып жаңадан тағайындалған Мұсагалиев Темур Капезұлын таныстырды.

Мұсагалиев Темур Капезұлы 1966 жылы дүниеге келген. 1983 ж. Жәнібек ауданындағы Ғ.Сарбаев атындағы орта мектепті бітірген. 1984-1986 ж.ж. КСРО Қарулы Күштері қатарында болған. 1987 жылы  Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1993  «Емдеу ісі» мамандығы  бойынша бітірген. 1993 жылы Орал қаласында облыстық перзентханада  дәрігер акушер-гинеколог болып интернатурадан өткен. 1994-1999  ж.ж. Жаңақала, Жәнібек аудандарында №5 аумақтық медициналық бірлестігінде  дәрігер акушер-гинеколог, 1999 жылдан аудандық орталық аурухананың  директоры  болып қызмет атқарып келеді. 2002-2011 ж.ж.  аудандық мәслихат депутаты. Денсаулық сақтау жүйесіндегі  ұзақ жылдар бойы қол жеткізген табыстары мен еңбегі үшін бірнеше рет,   Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет» грамоталарымен және  2008 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі»  белгісімен марапатталған.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале