6.04.2016, 19:09
Оқылды: 22

Зеленовта жастар кеңесі өтті

????????????????????????????????????

   Зеленов ауданы  «Нұр Отан» партиясы ғимаратында жастар кеңесі өтті. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық батсамасымен өткен шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыров, аудандық мәслихат депутаты Нұржан Ешмұратов, Калинин  ауылдық кітапханасының меңгерушісі Ханшайым Көсегенова және ауданның белсенді жастары қатысты. Жиынды ашып, жүргізген Нұржан Тоғызбайұлы: «Құрметті, жастар, ел үкіметі жастарды қолдау мақсатында біраз мемлекеттік бағдарламалар қабылданды.


    Олар өз кезегімн жүзеге асып та жатыр. Алай да әлі күнге дейін өз шешімін таппаған мәселелер жетерлік. Сондықтан сол бір қордаланған дүнияларды мемлекет шешіп бергеннін күтіп отырмай, аудан жастары болып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара жұмыстанып, әр мәселенің шешу жолдарын қарастыру мақсатында жиналдық. Әрқайсыңыз өз ойларыңызды білдіре отыруларыңызға болады»,-деп жиналғандарды шараның күн тәртібімен таныстырды. Одан әрі жиын қатысушыларына республика көлемінде жарияланған «Water in aul» байқауының шарттары мен мақсаты түсіндірілді. Кейін Ханшайым Орынбайқызының бастамасымен өтетін «Бір ұжым, бір кітап» акциясының басталғаны айтылып, қорытындысы үстіміздегі айдың 23-ші жұлдызында өтетіні де сөз болды. Бұдан кейін облыс көлемінде жүзеге асып келе жатырған «100 нақты көмек» жобасы бойынша аудан жастарының атқарған ісі жайында Нұржан Сайлаубекұлы баяндама жасады. Осы жобаға үлкен қызығушылық танытқан жастар жағы аталмыш бастаманы үзбей әр ай сайын мұқтаж жандарға барып, қолдарын келгендерінше көмек беріп тұруға дайын екендіктерін айтты.

     Жиын барысында ауылдық округтерді абаттандыру жұмыстары аясында Калинин ауылындағы ескі саябақты жандандыру, мұсылман қорымына барар жолды түзеу, Мұнайшы шағынауданындағы спорт алаңын абаттандыру сияқты күрделі мәселерді шешу жайын талқылаған жастар көтерілген мәселелердің барлығын шешуге уағдаласты.

 www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале