30.10.2015, 9:32
Оқылды: 19

Зеленовта - жаңа редактор

_DSC0014«Жайық Пресс» ЖШС Зеленов аудандық филиалы «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газетіне жаңа редактор тағайындалды. Бұл орынға біраз жыл Теректі аудандық «Теректі жаңалығы - Теректинская новь» газетінде тілші, кейінгі жылдары жауапты хатшы қызметін атқарған Самал Жаметова отырды.

Самал Жолдығалиқызы 1987 жылы 14 мамырда  дүниеге келген. Еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастаған. 2012 жылы  Теректі аудандық қоғамдық-саяси газетінде тілші  қызметінде болған.

2014-2015 жылдар аралығында аталмыш газетте жауапты хатшы қызметін атқарды.

Ағымдағы жылдың қазан айының 27-ші жұлдызынан бастап «Жайық Пресс» ЖШС Зеленов ауданы филиалы, «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газетіне директор-редактор қызметіне тағайындалды.

Жас редакторды жаңа орнымен құттықтай келген «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлназ Құлжанова, аудан әкімі Кәрім Жақыпов пен «Жайық Пресс» ЖШС директорының орынбасары Ғайса-Ғали Сейтақ Самал Жолдығалиқызына жаңа биіктерді бағындырып, табысқа жете беруіне тілектес екендіктерін білдірді.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале